23.11.2023 Ж. ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ

 

23.11.2023 ж.ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Тұжырымдамасын іске асыру аясында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы базасында Қарағанды индустриалық университетінің комплаенс-офицері Айнабекова С.С. және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің оқытушысы Канатбаева А.Б., университет жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің психологы Бнятова О.В. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін қабылдамау қағидаттарын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басты міндеттерінің бірі. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа эмоционалды-психологиялық тұрақтылық мәселелері айтылды. Семинар Спикері – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, профессор, философия докторы Серікжан Берікбайұлы Байбосынов болды.

 


Просмотров: 243