БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ: ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЫСТАМБҰЛ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ

 

2023-2024 оқу жылында Ғылым және жоғары білім министрлігінің оқытушылық қызметке шетелдік сарапшыларды тарту бағдарламасы және «Қарағанды индустриаялық университеті» КЕАҚ мен «Ыстамбұл техникалық университеті» арасындағы Меморандум аясында (Ыстамбұл, Түркия) «Металлургия және материалтану» кафедрасында бір ай мерзімге Стамбул техникалық университетінен екі түрік профессоры шақырылды – Мехмет Шереф Сонмез (PhD, доцент) және Каган Бензешик (PhD, ғылыми қызметкер).

Ыстамбұл техникалық университеті әлемдегі үшінші көне инженерлік университет болып табылады. Университет білім және ғылым саласындағы барлық 3 халықаралық рейтингте жақсы орын алады, мысалы, QS World University Rankings (QS) рейтингінде 404-орынға, Times Higher Education World University Rankings (THE) 501-600-орынға, Әлемдік университеттердің академиялық рейтингінде (ShanghaiRanking) ТОП 1000-ға кіреді.

Айта кету керек, 2022 жылдан бастап «Металлургия және материалтану» кафедрасы Ыстамбұл техникалық университетінің «Metallurgical and Materials Engineering» кафедрасымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Осы кезеңде докторанттарымыз бен ғылыми қызметкерлеріміз Ыстамбұл техникалық университетінде тағылымдамадан өтіп, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Шетелдік мамандар жұмысының негізгі бағыттарына бакалавриат, магистранттар және докторанттар үшін сабақтар (семинарлар, лекциялар, шеберлік сабақтары, тренингтер), оқу-әдістемелік тренингтер, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдар мен докторанттар үшін семинарлар өткізу жатады. Докторлық және магистрлік диссертацияға бірлесіп басшылық ету және (немесе) консультация беру, сондай-ақ Қарағанды индустриялық университетінің «Қара және түсті металдар металлургиясы» және «Наноматериалдар мен нанотехнологиялар» білім беру бағдарламаларының магистранттарымен және докторанттарымен бірлесіп WoS&Scopus базаларында рецензияланатын халықаралық журналдарда ғылыми мақалаларды бірлесіп жариялау болып табылады.


Просмотров: 204