2023 Ж. 21 ҚАРАШАДА «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСІП, ҚАЗАҚ БӨЛІМІНІҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

 

2023 ж. 21 қарашада «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушылары М. М. Салпенова мен А.Т.Мырзаханова Теміртау қаласының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының басшылығымен бірлесіп, қазақ бөлімінің бірінші курс студенттерімен Теміртау қаласының ақсақалдары және құрметті азаматтары А..Сәрсекеновпен және А. Исаковпен кездесу өткізді. Кездесу оқу жоспарының «Мен оқитын қала» тақырыбындағы СОӨЖ жоспарына сай өткізілді.

80 жастағы Исаков Айтжан ақсақал – Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, ардагерлер арасында әлемнің абсолютті чемпионы және екі дүркін рекордшы, ауыр атлетикадан спорт шебері. 80 жасында ол 180 келі штанганы көтере алады.

Асқар Садықұлы Сәрсекенов – меценат, Теміртау қаласындағы қазақ тіліндегі алғашқы газеттің құрылтайшысы, халықтық дәстүрлерді насихаттайды.

Көптеген жылдар бойы талантты спортшыларға, әншілерге республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысуға көмектесті. Қала ақсақалдар кеңесі жұмысына қолдау көрсетеді.

Кездесудің мақсаты – студенттерді Теміртау қаласының құрметті азаматтарымен таныстыру, студенттерді патриоттық сезімге, салауатты өмір салтына деген ұмтылысқа тәрбиелеу.


Просмотров: 91