ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР РЕЙТИНГІНЕ КІРДІ: «QS-ASIA UNIVERSITY RANKINGS: 2024».

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Азияның «QS-Asia University Rankings: 2024» үздік университеттерінің рейтингі жарияланды. Азия континентіндегі 25 елдің 7,5 мыңнан астам университеттері ішінен: Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Қазақстан, Өзбекстан және т.б., елдерден бұл рейтингке тек 856 университет ғана ене алды. Соңғы жылдардағы ғылымдағы жетістіктер мен білім беру үдерісіне инновацияларды енгізудің арқасында, Қарағанды индустриялық университеті алғаш рет осы QS-Asia University Rankings рейтингіне кіріп үздік университеттердің 601-650 қатарынан орын алды.

Сонымен қатар, Орталық Азия университеттерінің рейтингінде 300-ден астам университеттердің ішінен рейтингке Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 53-і ғана өте алды, олардың ішінде біз 30-орынға ие болдық.

Біздің еліміздегі 120 университеттер ішінде бұл рейтингте тек 34 университет кіре алды. Олардың ішінде біз 21-ші орынға ие болдық.

Біздің университет өмірінде үлкен серпіліс тудырған бұл тарихи оқиға біздің ұжымның ынтымағы зор жұмысының және ардагер ұстаздарымыздың, оқытушыларымыздың, ғалымдарымыздың, қызметкерлеріміз бен студенттеріміздің әрқайсысының қосқан жеке үлестерінің нәтижесінде орын алды. Бұл жетістікке жету көп жағдайда мемлекет, біздің министрлік тарапынан ғылым мен білім беруді қуатты қолдауының арқасында мүмкін болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сын сағаттарда және біз қарқынды дамып келе жатқан кезде қолдау көрсеткен барлық кісілерге шын жүректен алғысымды жеткізгім келеді!

Біз мұнымен тоқтап қалмай, алға ұмтылып, алдағы уақыттарда әлемдегі ең үздік университеттер қатарына кіреміз деп үміттенеміз!