ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫҚ.

Жақында Қарағанды индустриялық университетінде «Құзыреттілікті дамыту орталығы» М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық аясында ашылып өз қызметін бастады.

Орталықтың жұмысы бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: жаңа білім беру технологияларын игеру үшін базалық педагогикалық білімі жоқ техникалық мамандықтар оқытушыларын психологиялық-педагогикалық қайта даярлау. Сондай-ақ, орталық біздің университеттердің студенттерінің оқытушылары мен қызметкерлерінің жеке, басқарушылық және кәсіби құзыреттіліктерін зерттеумен айналысады және оларды дамыту бойынша тренингтер өткізеді. Сонымен қатар, орталық қызметінің бір бағыты - ұжымның цифрлық, тілдік дағдыларын дамыту, сертификаттау курстарын өткізу, басқа да Республикалық, Халықаралық құзыреттілік орталықтарымен әріптестік қатынастарды жолға қою болып табылады.

Орталық өз жұмысын М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педуниверситетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры Шеститко Ирина Владимировна ұйымдастыруымен өткізілген «Қарқынды оқыту: білім беру процесін ұйымдастыру технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын жүргізуден бастады. Сабақтар техникалық пәндерді жүргізетін университетіміздің оқытушылары үшін интерактивті режимдегі аралас форматта өткізілді. Мастер-класстар мен тренингтердегі курстар шеңберінде И.В. Шеститко бірнеше күн бойы заманауи оқыту технологияларының теориялық және практикалық негіздерін үйретті.

Оқытушылар осы курстардың практикалық құндылығын және сабақтарда ұсынылған жаңа білім беру технологияларының өзектілігін жоғары бағалады. Беларуссиялық әріптестермен қол қойылған Меморандум еліміздегі университеттермен әріптестік қарым-қатынасын тереңірек нығайтады деген үміттеміз.