Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Теміртау қаласының Достық үйінде Теміртау қ. әкімдігінің қолдауымен Алғыс айту күніне орай ұйымның облыстық өкілдігі жанындағы “Жастар Ассамблеясы” қалалық орталығының ашылуы өтті.
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, “жастар Ассамблеясы” РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қарағанды индустриялық университетінің ПИ-23-1с тобының студенті Айқын Жақсылықовқа ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан Жайықбайұлынан алғыс хат берілді.