ETHNOSTYLE «ЭТНОМОДА-БҰЛ СӘНДІ!» ФЕСТИВАЛІ

 

Құрметті студенттер! Ұлттық киімді дәріптеу, Наурыз мейрамы – көктемгі жаңару мерекесі аясында жастарды барлық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға баулу мақсатында Сіздерді 2024 жылғы 1-23 наурыз аралығында Ethnostyle «Этномода-бұл сәнді!» фестиваліне белсенді қатысуға шақырамыз. Біз сіздерді ұлттық киімдерде, қазақ бөріктері мен тақияларында күтеміз. Заманауи киімдегі этномотивтер-құпталады!

Еске сала кетейік, Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты-Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру.


Просмотров: 132