ҚАРИУ-ДА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР.

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында Қарағанды индустриалық Университетінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 31,22,2 және 9 мектептердің 11 сынып оқушыларына Қарағанды индустриалық университетінің оқу корпустары бойынша экскурсия өткізілді.

Кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаттары: оқу бейінін және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру және оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын дамыту, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.

Оқушылар жетекші зертханаларға, инженерлік бейіндегі зертханаларға барды. Оқушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, жаңа аудиторияларында болды. Сондай-ақ оқушыларға ҰБТ тапсыру форматы, университетіміздің мамандықтарын таңдау, университетіміз ұйымдастырған ҰБТ пәндері бойынша дайындық курстары туралы толық ақпарат берілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, барлығына буклеттер таратылды.