2024 жылдың 16 сәуірінде “құрылыс” кафедрасының әдістемелік апталығы аясында “құрылыс” кафедрасының оқытушысы Ж.Қ. Сәкенованың “жол құрылысы технологиясының негіздері” пәні бойынша ашық сабақ өтті.
Іс-шарада Республика даңғылы мен Металлургтер даңғылын қайта жаңартуға қатысты ПГС-21к және ПГС-21 топтары студенттерінің жобалары қаралды.
Сабақтың мақсаты: студенттерді жоба мысалында жол объектілерін қайта құрудың негізгі кезеңдерімен және технологияларымен таныстыру.
Әр топ жобаға өз көзқарасын ұсынды. Жол құрылысы тек жоғары техникалық құзыреттілікті ғана емес, сонымен қатар қоғамның қажеттіліктерін түсінуді және оның әл-ауқаты үшін оңтайлы шешімдерді таба білуді талап етеді. Сондықтан сабақ жол құрылысы технологиясы саласындағы білімді тереңдетіп қана қоймай, студенттерді болашақ кәсіби қызметтің нақты сын-қатерлеріне дайындады.
Ашық сабаққа “Экономика және құрылыс” факультетінің деканы А. Е. Алдабаева, сондай-ақ “құрылыс” кафедрасының оқытушылары: А. Н. Конакбаева, А. Н. Касенова, А. К. Нұрғалиева, сондай-ақ ТиТПЗиС-21нм тобының магистранты Е. А. Белянина қатысты.