Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылғы 3 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында 2024 жылы Жошы ұлысының Қазақстан аумағында нақты құрылғанына 800 жыл толғандығын атап өтті. Сол уақытта Жошы ұлысы Қазақстанның барлық аумағын қамтығаны бізге Қазақстан тарихынан белгілі. Жошыдан бастау алатын әулет Қазақстан аумағында 1224 жылдан 1860 жылдарға дейін 6 ғасыр бойы билік жүргізді.
Осы айтулы датаға орай бүгін Қарағанды Индустриалық университетінің “Қазақстан тарихы, әлеуметтік гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі”кафедрасының ұйымдастыруымен ТФП-22к-6 оқу тобының білімгерлерінің қатысуымен университет кітапханасының оқу залында Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Аталған іс-шара соңында Кафедра меңгерушісі Капбарова Г.М Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өтудің маңыздылығына тоқталып, бұл тақырыптағы ғылыми жиындар, конференция, семинарлар еліміздің түкпір-түкпірінде жыл бойы жалғасатындығын айтып өтті.