ҚАРИУ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА.

“Жасыл аймақ” акциясының үшінші аптасы ағаш отырғызуға арналған. 23 сәуірде ҚарИУ студенттері екі жерде өткен сенбілікке қатысты. Ескі қалада еріктілер саябақтың аумағын санитарлық тазалап, Қарағанды тас жолының бойында бірнеше ондаған ағаш отырғызды. Осы аптада басшылық, ПОҚ және қызметкерлер ЖОО аумағын көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.