ҚУАТБАЙ
ЕРБОЛ ҚУАТБАЙҰЛЫ
кафедра меңгерушісі
PhD
E-mail: ye.kuatbay@tttu.edu.kz
Теміртау қ., Республика даңғылы, 30,
Зертханалық корпус,
кабинет 114
- Кафедраның ғылыми әлеуеті
«Металлургия және материалтану» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра мен университеттің перспективалық және ағымдағы даму жоспарлары негізінде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- шаруашылық келісім және мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жұмыс;
- магистрлік және докторлық диссертацияларға басшылық ету;
- республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу;
- рецензияланатын республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар мен материалдарды жариялау;
- оқу құралдары мен монографиялар шығару;
- бакалавр, магистрант және докторанттарды кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына, зерттеу жобаларын жасауға және жүзеге асыруға белсенді тарту
- Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары
Кафедра оқытушылары келесі ғылыми тақырыптарды әзірлеуде:
- Құрамында қорытпалар бар кальций мен барийлерді алу және қолдану технологиясын әзірлеу және физика-химиялық зерттеулер (жетекшісі т.ғ.д., профессор Нурумгалиев А.Х.);
- Құбыр өнімдерін өндіру үшін металдар мен қорытпалардың фазалық құрамын оңтайландыру (жетекшісі т.ғ.д., профессор Нурумгалиев А.Х.);
- Табиғи және техногендік шикізаттан германия алудың теориялық және технологиялық негіздерін әзірлеу (жетекшісі т.ғ.к., доцент Мусин Д.К.);
- Мыс балқыту өндірісінің үйінді қождарын кешенді өңдеу технологиясын енгізу және ғылыми негіздерді әзірлеу (жетекшісі т.ғ.к., доцент Харченко Е.М.);
- Кентермиялық үдерісте брикеттелген моношихтадан техникалық кремнийді алу технологиясын әзірлеу (жетекшісі т.ғ.к., доцент Зобнин Н.Н.);
- Қазақстанда ехникалық кремний өндірісінің технологиясын жетілдіру және оның сапасын арттыру (жетекшісі т.ғ.д. Нурумгалиев А.Х., т.ғ.к., доцент Зобнин Н.Н.).
- Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедрада «Металлургиядағы инновациялық технологиялар» ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді, оның негізгі міндеттері болып саналады:
- металлургиялық саланың өзекті мәселелері бойынша СҒЗЖ тапсырмаларын курстық және дипломдық жобалар тақырыптарына байланыстыра отырып әзірлеу;
- оқу сабақтарына дайындалу үшін әдебиеттерді іріктеуге, мәнжазба, бақылау, курстық жұмыстар мен ғылыми мақалалар жазуға әдістемелік көмек көрсету;
- «Жастардың ғылыми шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін баяндамалар дайындау»
- дипломдық жобалар мен жұмыстардың инновациялық бөлімдері бойынша бітіру курсы білім алушыларының баяндамаларын тыңдау.