20 СТУДЕНТІМІЗ ОРЫС ТІЛІ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
Қарағанды индустриялық университетінің 1 курс студенттері осы жылдың қаңтар мен сәуір айлары аралығында үш ай бойы Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының базасында А1 орыс тілі курсын (элементар деңгейі) оқыды.
3 сәуір күні Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығында сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Қазақ бөлімінің 1 курста оқитын 20 студенті осы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.
ЖББ кафедрасының аға оқытушысы А. Т. Мырзаханова КарИУ Қазақ бөлімінің студенттерін аталған курстарды оқытудағы мақсаты, студенттердің коммуникативтік қабілеттерін дамытуға, қатесіз және сауатты жазуға шақыру болатын.
Просмотров: 851