Құрметті Қарағанды индустриялық университетінің түлектері!
Сіздерді түлектер жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.
Жәрмеңкенің мақсаты түлектерді еңбек нарығымен, бос жұмыс орындарымен және жұмыс берушілермен таныстыру. Сіз жәрмеңке аясында түрлі компаниялардың өкілдерімен тікелей сөйлесуге және оларға жұмысқа орналасуға қатысты кез келген қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік аласыз. Іс-шараға ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындары қатысады деп күтілуде.
Түлектер жәрмеңкесі 2023 жылдың 21 сәуірінде Жаңа корпустың акт залының фойесінде өтеді. Іс-шараның басталуы-10: 00.