ЕҰУ-де «META MEET» XІX республикалық студенттер шақырылымы өтуде

ЕҰУ-де «META MEET» XІX республикалық студенттер шақырылымы өтуде

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «META MEET» XІX республикалық студенттер шақырылымы аясында, «Meta Bilim and Idea Alań» атты TEDx форматында елімізге белгілі азаматтармен кездесу өтті.

Кездесуге 300-ден астам еліміздің белсенді студент жастары, Студенттер мәселелері жөніндегі кеңес, Студенттік Парламент, Жастар ісі жөніндегі комитет, Қазақстан студенттері Альянсының облыстық филиал төрағалары мен мүшелері қатысты. Қарағанды индустриялық университетінің атынан аталған шараға Студенттік Парламенттің Президенті Қаржау Самат және Студенттер Альянсының төрайымы Тілеубек Арайлым қатысып жатыр.

TEDx форматында өткен шараға Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы,  ЕҰУ студенті Ұлан Наукен, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есентүгел Елеукен, журналист, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт, имам, дінтанушы, психолог, блогер Нұрлан Асанов, кино және театр актёры Данияр Оразаев, журналист, ақын Рамазан Есмағамбетов қатысты.

Шара барысында барлық өңірлерден жиналған жастар, спикерлерге өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасты. Айта кетейік үш күнге созылатын шақырылым барысында студенттердің үздік жобалар көрмесі, жастардың проблемаларын шешу жолдарын ұсынатын Hackathon, интеллектуалдық және спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар «META MEET» XІX республикалық студенттер шақырылымында үздік көрсеткіш көрсеткен жастар марапатталады.