«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсы жарияланады. Конкурсты Қарағанды облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті, «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдары одағы» ЖҚБ ұйымдастырады. Конкурсқа барлық тілек білдіруші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Конкурстық жұмыстарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 25 қыркүйектен 30 қазанға дейін жүзеге асырады.
Байқау жеңімпаздарына 250 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі және жобаны енгізуге (іске асыруға) 1 млн. теңге бөлінеді.
Осы конкурсқа қатысуға ниет білдіргендердің барлығын сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша университеттің комплаенс-офицеріне хабарласыңыз.
Просмотров: 300