КАПАШЕВА
ЖАНИЯ КУДАЙБЕРГЕНОВНА
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының негізгі басым бағыттары:
- оқу процесін кешенді-әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқу процесінің әдебиеттермен және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз
- етілуіне мониторинг жүргізу;
- электрондық білім беру ресурстарын, MOOC әзірлеу және оқу процесіне енгізу;
- ішкі және сыртқы басылымдарда оқу-әдістемелік құралдар шығару;
- кафедра оқытушылары әзірлейтін силлабустарды, оқу құралдарды және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау;
- кафедра оқытушыларының сабақтарға өзара қатысуы;
- инновациялық білім беру технологияларын, формалары мен оқыту әдістерін қолдану;
- оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
- ПОҚ біліктілігін арттыру.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы:
- университеттің Даму бағдарламасына сәйкес;
- университеттің Академиялық саясатына сәйкес;
- Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде;
- университет ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау ережесіне сәйкес;
- оқу бағдарламасын жасау және ресімдеу жөніндегі Ережеге сәйкес;
- университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі жұмысы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру формалары:
- ғылыми-әдістемелік конференциялар, әдістемелік семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары;
- нұсқаулық-әдістемелік кеңестер;
- әдістемелік апта;
- сыртқы (серіктес ЖОО) сарапшылардың қатысуымен ашық сабақтар;
- кафедра оқытушылары әзірлейтін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын сараптамадан өткізу;
- білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша өзіндік есептері.
2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары кафедрада С индексті 1 оқу құралы (Жунусова А. К. «Металлургия мамандықтарының студенттеріне арналған Кәсіби бағытталған ағылшын тілі»;), ISBN берілген 4 оқу құралы (Жунусова А.К. «Кәсіби бағытталған шет тілі»; Дружинина Н.В., Ахметгалина Н. С. «Шет тілі А2»; «Көлік және көлік машиналары мамандықтарына арналған кәсіби шет тілі», Капашева Ж.К. «Қазақ тілі В1» 2-бөлім, Мырзаханова А.Т., Асанова К.А. «Русский язык, уровень А2» 1-бөлім), жарық көрді. Авторлық куәлік берілген 1 электронды оқу құралы (Капашева Ж.К. «Қазақ тілі В1»), бірнеше онлайн курстары ( Жунусова А. К., Шарипова Ю. Ф., Дружинина Н. В., Хамитова Ш. А., Мұқатай А. Б. «Шет тілі А1»; «Шет тілі А2», Тилеубаев А.М. «Қазақстан тарихы», Қанатбаева А.Б. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», Жунусова А. К., Капашева Ж.К., Мырзаханова А.Т. «Вводный разговорный курс для иностранных студентов», Дружинина Н. В., Ахметгалина Н. С. «Английский язык для общения») әзірленген.