Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қарағанды индустриялық университетінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығын мерекелеу аясында “Ауғанстан соғыс және қасірет” қалалық конференциясы өтті. Іс-шараны тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті, жастар ісі жөніндегі комитеті, ҚарИУ Студенттік парламенті, Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
2024 жылғы 15 ақпанда, соңғы кеңес сарбазының Ауғанстан аумағынан кеткеніне тура 35 жыл. Он жыл ішінде сарбаздар Ауғанстанда бітімгершілік жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Жыл сайын, 15 ақпанда біздің елде Ауғанстан ардагерлері жиналады. Бірақ бұл күн тек соғыстан өткен жауынгерлерге ғана емес, адамдарға соғыс кажет емес екендігін нұсқаулық ретінде көрсетіп,есте сақтау үшін!
Конференция үш секция бойынша өтті “Ауғанстандағы соғыс – бұл қалай болды” тақырыбындағы презентациямен баяндама, 5 минуттан аспайтын; “ауған соғысы туралы” өлең және музыкалық шығарма.
Үш секция жұмысының қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Қалмырза Нұрсұлтан (ҚарИУ студенті)
2 орын – Савкина Ирина (ТЭК студенті)
3 орын – Белов Денис, Баталов Андрей (ҚарИУ студенттері)
Іс-шараның демеушісі Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы болды.
Университет әкімшілігі Ауғанстан ардагерлеріне Дүйсенбаев Құрмансейіт Толегенович пен Пунтус Виктор Павловичке конференцияға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.