ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТ ЖАСТАРЫНЫҢ ТЕОЛОГТАРМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 6-8 ақпан аралығында Қарағанды индустриалық университетінде 1-2 курс студенттерінің Теміртау қаласының Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және сараптау орталығының теологтарымен бірқатар кездесулері өткізілді.

Кездесу спикерлері: Жақып Ақбай мешітінің ұстазы Индира Мақсұтова, “Теміртау қ. конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және сараптау орталығы”КММ бас маман-теологтары Берік Мұратұлы Бүркітбай және Нұрлыхан Қалқаманұлы.

Аталған іс-шараларды өткізудің мақсаты отбасылық тәрбие мүмкіндіктерін пайдалану арқылы Студенттердің адамгершілік-рухани дамуындағы отбасылық құндылықтарды насихаттау болды.

Барлық кездесулер диалог форматында өтті. Біздің студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын еркін қойып, оларға толық жауап ала алды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.