БІЗДІҢ СТУДЕНТ «ТМД – НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ-2024» БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.

"Есеп және аудит-20" тобының студенті Крестова Татьяна, "Экономика және бизнес" кафедрасының аға оқытушысы М. А. Латыпованың жетекшілігімен Халықаралық студенттер қауымдастығы (Қазақстан, Астана) ұйымдастырған "Бөбек" жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауы аясында іске қосылған халықаралық  "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті" жобасына қатысты

Жобаның нәтижелері 2024 жылғы 2 ақпанда Астана қаласында өткен "Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері" атты ІХ халықаралық конференцияда ұсынылды. Жобаға қатысу нәтижелері бойынша Татьяна Крестова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы студенттерінің "ТМД-ның үздік студенті-2024" VII кітап жинағына енгізілді және "Үздік студент" арнайы белгісімен (медалімен) марапатталды, сондай-ақ еңбегі туралы куәлік пен екінші дәрежелі диплом алды. Ғылыми жетекшісі Латыпова М. А. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасында "Үздік студент-2024" жобасында белсенді жастарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс хатпен марапатталды.

Татьяна Крестованы лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оған шын жүректен денсаулық, сәттілік және одан әрі биіктер тілейміз! Алда осындай көптеген марапаттар мен сәтті жобалар күтіп тұрсын!