«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы қала мектептерінде түлектерге арналған «Мамандығым – болашағым» тақырыбында кәсіби бағдар тренингтерін өткізді. Мамандық таңдауға бағыттау жұмысын кафедра оқытушылары әдістемелік зерттеу тәсілдері негізінде ұйымдастырды. Шешім қабылдауда тиімді ақпаратты «Ең табысты мамандық», «Ең беделді мамандық», «Қоғамға ең қажетті мамандық» ойыны арқылы интерактивті формада жинақтап, диагностикалық сауалнама бойынша қорытынды мәлімет алынды.
Кәсіби бағдар тренингінің тағы бір ерекшелігі – «Жасанды интеллект технологиясы», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Өндірістің технологиялық жабдықтары» сияқты білім бағдарламаларының студенттерімен және «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып келеген студенттермен бірлескен түрде ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін интерактивті формада беруінде.
Бұл бағыттағы жұмыс барысында түлектердің болашақ кәсіпке деген көзқарасын кеңейту, саналы таңдау жасау мақсатына қол жеткізілді.