2024 жылдың сәуір айында Қарағанды индустриялық университетінде Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне және Ұлы геолог-ғалым, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор), Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған іс-шаралар топтамасы жүзеге асырылады.
Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар жоспары
| № | Іс-шара | Күні | Ұйымдастырушы | Өткізу орны | Басталу уақыты |
| 1 | «Фармацевтикалық технологияның өзекті мәселелері» зияткерлік ойыны | 04.04.2024 ж. | «Химиялық технология және экология» кафедрасы | 1-313 | 13.10 |
| 2 | «Дұрыс патенттейміз» мастер-класс | 05.04.2024 ж. | «Технологиялық машиналар және көліктер» кафедрасы | Н-110 | 9.45 |
| 3 | «Жастар, ғылым және технология: жетілдіру және ықпалдасу жолдары» LIV Республикалық ғылыми конференциясы | 08.04.2024 ж. |
Ғылым,инновация және халықаралық ынтымақтастық департаменті, ЖОО кафедралары |
Н-223 | 10.00 |
| 4 | «Ғылыми өлшемді негізгі көрсеткіштер және оларды басқару» тақырыбындағы семинар | 09.04.2024 ж. | «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы | 1-102 | 11.00 |
| 5 | «Квиз, плиз» зияткерлік-ойын-сауық іс-шарасы | 09.04.2024 ж. | «Экономика және бизнес» кафедрасы | Н-325 | 10.45 |
| 6 | ПОҚ, докторанттар мен магистранттарға арналған «Идеядан патенттелген әзірлемеге дейінгі тәсілдер» атты ғылыми семинар | 10.04.2024 ж. | «Энергетика» кафедрасы | Н-100 | 14.00 |
| 7 | «Адам – керуен, өмір – Жол» зияткерлік ойыны | 10.04.2024 ж. | «Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық, пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы | Кітапхана | 11.00 |
| 8 | 11 сынып оқушыларына арналған математика және физика бойынша қалалық олимпиада | 10.04.2024 ж. | «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы | 1-313 | 10.00 |
| 9 | «TemirTau-2024» мектеп және колледж оқушыларына арналған жыл сайынғы қалалық Хакатон | 11.04.2024 ж. | «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасы | Н-223 | 13.00 |
| 10 | ПОҚ және ЖОО ғылыми қызметкерлері үшін «Үздік ғылыми қызметкер» конкурсы | 12.04.2024 ж. | Ғылым,инновация және халықаралық ынтымақтастық департаменті | Н-223 | 15.00 |
| 11 | «Ұлт мақтанышы – Қаныш Сәтбаев» ақпарат сағаты | 19.04.2024 ж. | Кітапхана | Кітапхана | 15.00 |
| 12 | ПОҚ, докторанттар мен магистранттар үшін «Инновациялық жобаларды коммерцияландыру» ғылыми семинар | 20.05.2024 ж. | Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі | Н-223 | 15.00 |
Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараларға қатысуға шақырамыз!
