АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ II ФОРУМЫ ӨТТІ

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мен Ресей ЖОО ректорларының II форумы өтті.

«Жоғары білім мен ғылымның өзекті тенденциялары» тақырыбындағы халықаралық форум жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, РФ ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский, Ресейдің 50 жоғары оқу орны мен Қазақстанның 40 жоғары оқу орнының ректорлары қатысты.

Форумның басты мақсаты-екі мемлекеттің жоғары оқу орындары арасындағы байланысты дамыту. Осылайша, ғылым мен білім өкілдері арасында өзара тиімді қарым-қатынас қалыптасады, жоғары білім берудің интернационализациясы күшейеді, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту жолдары кеңейеді.

Толығырақ: facebook.com


Просмотров: 56