ӨТКЕН «ROBOLAND – 2024» ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФЕСТИВАЛІ

2024 жылы 29 наурызда Қарағанды қаласында болып өткен «RoboLand – 2024» жаңа технологиялар фестиваліне «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының аға оқытушылары Кан С.В. және Авкурова Ж. С. қатысты. Roboland – Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы. Қарағандыда бұл фестиваль 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол 2016 жылдан бастап халықаралық мәртебеге ие болды. Оның негізгі міндеттері: балалар арасында ғылыми-техникалық шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру, инновация идеяларын тарату, білім беру робототехникасы саласындағы озық тәжірибелермен алмасу және осы саладағы талантты командаларды анықтау. Қарағанды алаңында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Сербия, Польша, Италия, Греция, Грузия командалары өнер көрсетті. Жарысқа бес елден: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Ресейден 350-ге жуық команда қатысып, түрлі бағыттар бойынша қызықты жобаларды ұсынды.