ҚАРИУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

9 сәуірде Қарағанды индустриалық университетіне жұмыс сапары барысында ҚР премьер-Министрінің бірінші орынбасарының  кеңесшісі Ким Джин Ха, Аллюр АК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Айгүл Ахметова, сондай-ақ QazTehna персоналмен жұмыс басқармасының бастығы Алибек Рахымжановтан құралған делегация келді. Қонақтардың келуіне әлеуетті ынтымақтастық себеп болды. Таяу болашақта ҚарИУ Қарағанды облысының автомобиль саласы үшін мамандар даярлауда жетекші жоғары оқу орнына айналуы мүмкін. Делегация білім беру және ғылыми-зерттеу қызметімен, сондай-ақ жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты.