«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ СТРАТАСЫ БЕРІЛДІ

 

Науқан бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады – осы жеті күн ішінде елді мекендердің тұрғындары іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды. Студент жастардың өз үлестерін қосуға мүмкіндігі бар ЖОО айналасындағы аумақты абаттандыру алдағы жұмада, 12 сәуірде.

20 сәуірге дейінгі апта «Киелі мекен» атауын алып, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. 27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» тақырыбымен апта ағаш көшеттерін отырғызумен, отығызылған ағаштарды ақтаумен атап өтіледі. 4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған. Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.


Просмотров: 44