«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ» КАФЕДРАСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ.

Кәсіптік-техникалық цикл пәндерін игеру кезінде қажетті жалпы инженерлік құзыреттіліктерді, білімдерді, дағдыларды қалыптастыру үшін бұл пәндерді әдістемелік тұрғыдан жаңарту және жаңғырту өте маңызды. Осыған байланысты ғылыми-әдістемелік талдау және озық тәжірибемен алмасу мақсатында өткізілген "Физика-1" және "Математика-2" пәндері бойынша сабақтар өте мазмұнды болды.

Кафедра доценті, к.т.н. Б.Т. Танагузов өткізген дәріс ғылыми математикалық теорияны практикамен ұштастырудың тиімді тәсілдерін көрсетумен қызықты болды.

Аға оқытушы Г. А. Шаяхметованың практикалық сабағы серіктестік ынтымақтастық негізінде алғаш рет Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының мамандары онлайн режимінде қатысып, сабақты заманауи білім беру технологиялары тұрғысынан жоғары бағалады.