КАМАРОВА СӘУЛЕ НҰРТАЗАЕВНА «ИДЕЯДАН ПАТЕНТТЕЛГЕН ӘЗІРЛЕМЕГЕ ДЕЙІНГІ ЖОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ.

 

 

2024 жылдың 10 сәуірінде Ғылым апталығы аясында «Энергетика» кафедрасының аға оқытушысы Камарова Сәуле Нұртазаевна профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар үшін «Идеядан патенттелген әзірлемеге дейінгі жол» тақырыбында мастер-класс өткізді. С.Н. Камарова өзінің шеберлік сыныбын өткізе отырып, өнертабысқа және пайдалы модельге өтінім беру тәжірибесімен бөлісті, өнертапқышқа өз идеясын техникалық шешімге қалай жеткізу керектігін айтты.


Просмотров: 36