24 сәуірде ҚарИУ-да Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық топ болды. Студенттермен Тақырыптық кездесуді теолог мамандар Жаңабай Мақсат пен Ерғазы Азамат өткізді.Олар студенттерге жастар ортасындағы экстремистік және террористік көріністердің қауіптілігі туралы айтып берді, белгілі бір әрекеттердің салдары туралы ойлау, қырағы болу және радикалды көзқарастарға сын көзбен қарау әрқашан қажет екенін еске салды. Іс-шараға 50-ден астам студент қатысты.