Жедел желі

«Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ (бұдан әрі - ҚарИУ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үздік комплаенс практиктерге сәйкес өз жұмысын құруда. Комплаенс-офицер КарИУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметі туралы Ережеге сәйкес тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады, Директорлар кеңесіне ұйымдық және функционалдық есеп береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты КарИУ мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ университетте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

КарИУ Комплаенс-қызметі оң имиджін одан әрі сақтау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және/немесе Әдеп кодексін бұзушылықтарды, академиялық адалдықты, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық жағдайларын, мүдделер қақтығысын және КарИУ қызметіне қатысты өзге де бұзушылықтарды уақтылы анықтау және болдырмау үшін «жедел желіні» өзектендірді.

БІЗ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚҚА КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ (өтініш білдірген адамның өтініші бойынша).

«Жедел» желі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және корпоративтік саясатты ықтимал бұзу фактілері туралы хабарлаудың қауіпсіз және сенімді тәсілі. «Жедел» желі демалыс күндерінсіз жұмыс істейді, қоғам қызметкерлері үшін де, басқа да мүдделі тұлғалар үшін қол жетімді.бұл ретте телефон қоңыраулары дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Жұмыстан тыс уақытта, мереке және демалыс күндері алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

КарИУ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 24 маусымдағы шешімімен Кариу Комплаенс-офицері болып Айнабекова Сәуле Серікбайқызы тағайындалды-телефон:+77056281339.

Кері байланыс үшін өтініштерді барлық адамдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай байланыс арналары арқылы бере алады:

Ынтымақтастық пен көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз!

Байланыс телефондары: +7-700-372-26-72 (Комплаенс -офицер)

Шұгыл байланыс телефоны: 8 (7213) 91-42-66

E-mail: galina-siv@mail.ru, asaules@mail.ru, info@tttu.edu.kz

Әлеуметтік желіде:

Instagram: https://instagram.com/siviakova_g?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Одноклассники: https://ok.ru/profile/580212962785

Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100050932211601&mibextid=ZbWKwL

Жеке сұрақтармен қабылдау:

Дүйсенбі: 16.00-17.00

Кабинет: Н-205