Мусин Динислям Кариевич

Мусин Динислям Кариевич – техника ғылымының кандидаты, доцент «Металлургия және машинажасау» факультетінің деканы.

 

 

 

 

 

Білім

  • 1980 ж. Қарағанды политехникалық институтындағы механико-технология факультетін «Машиналар және құю өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.
  • 1985 – 1988 жж. Мәскеу болат және қорытпалар институтында күндізгі мақсатты аспирантурада «Қара металлдар металлургиясы» мамандығы бойынша білім алды
  • 1988 ж. «Қара металлдар металургиясы» 05.16.02 мамандығы бойынша техникалық ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады(Мәскеу болат және қорытпалар институты)

 Еңбек жолы

  •  1980 – 1985 жж. АН КазССР химико-металлургия институтындағы кенді-термиялық процестер зертханасының аға лаборанты, инженер, аға инженер, кіші ғылыми қызметкер.
  • 1988 – 1992 жж. АН КазССР химико-металлургия институтының ғылыми қызметкері
  • 1992 – 1994 жж. Қарағанды металлургиялық институтының «Металтану және металдардың физикасы» кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1994 – 1997 жж. – Қарағанды металлургиялық институтының «Металтану және металдардың физикасы» кафедрасының доценті;
  • 1997 – 1999 жж. – «Металтану, металдардың физика және құю өндірісі» кафедрасының меңгерушісі;
  • 1999 – 2011 жж. – механико-технологиялық факультетінің деканы (қазіргі «Машинажасау технологиясы және автоматтандыру»).
  • 2017 жылдың қыркүйек айынан  бастап «Металлургия және машинажасау» факультетін басқарады