Жеке мәселелер бойынша ректорды қабылдау кестесі
Әр бейсенбі 15: 00-ден 17:00-ге дейін
Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі. Біздің университетіміздің есігі сапалы білім алуға және сәтті мансап жасауға ұмтылған азаматтарға әрқашан ашық.
ҚарИУ студенті болу – құрметті және жауапты. Біздің студенттер жоғары деңгейлі кәсіби даярлықтарымен, өндірістік міндеттерді шешуге қатысты ерекше қабілеттерімен ерекшеленеді, бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Біздің түлектер мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда, халықаралық компаниялар, ірі өндірістік кәсіпорындарда, білім беру мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді.
4.0 индустрия әрқайысымызға қатысты жауапкершілікпен әрі қарай үздіксіз дамуды талап етеді. Адамдар болашақтағы кәсіпорындарда жұмыс жасауға қабілетті ме, жаңа салаларға арналған зерттеу жұмыстарын кім жүзеге асырады деген сұрақ туындайды. Осы міндеттердің шешімін табатын біз, ҚМИУ ғылыми және педагогикалық зиялы қауым өкілдері.
Біз ҚазақстандыҮшінші жаңғыртуға қатысты біздің мемлекетіміздің басшысының осы бастамасын толығымен қолдаймыз. Жаңа Университеттің даму Стратегиясында Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін іске асыру көзделген, оның ішінде: 3D-принтинг, экономиканы цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру, жасанды интеллект.
Біздің басты мақсатымыз – ірі шағын Теміртау қаласының қаланы құраушы кәсіпорны – мемлекеттік индустриялық универсиетін – аймақтағы білім беруді интеграциялау, ғылым және инновациялар қажеттіліктерін, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған орталық ретінде жаңғырту: жастардың әлеуметтік құқығын қорғау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тау-кен және металлургия саласын бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету.