«Құрылыс» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқу-әдістемелік құжаттары бойынша келесі жұмыстар атқарады:
- Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және өңдеу;
- Пәндердің электрондық оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және өңдеу;
- Курстық, зертханалық, тәжірибелік жұмыстарды және студенттердің өз бетінше жұмыс істеуін жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу және өңдеу;
- Жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және өңдеу;
- Силлабустарды әзірлеу және өңдеу;
- Кітаптар , монографиялар және оқу құралдарын ISBN индексімен және © әзірлеу;
- Электронды оқу-әдістемелік материалдарды және зертханалық жұмыстарды әзірлеу;
- сынақ материалдарын және білімді бақылау материалдарын әзірлеу және өңдеу;
- лекциялық жазбаларды әзірлеу және өңдеу.
Оқу-әдістемелік құжаттарды кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әзірлейді, кафедра отырысында талқыланады, факультет деканымен, академиялық саясат директорымен келісіледі және оқу жұмысы жөніндегі проректор бекітеді.