ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қала мектептерінді кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу бойыншы жиындар жалғасын табуда. Осы орайда Қарағанды индустриялық университеті қаламыздың № 2 мектебіне барып, мұғалімдермен және мектеп бітіруші түлектермен кездесіп қайтты.

Аталмыш жиында, түлектердің алысқа кетпей жоғарғы оқуды туған қаламызда жалғастырудың маңыздылығы және осы бағытта жұмыс университет тарапынан қарқынды түрде жалғаса беретіндігі айтылды. Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов оқушыларды университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, жиынға қатысушыларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, оқу ордасының дамуына, студенттердің білім алуына жасалып жатқан жұмыстарды жеткізді. Ректор өз сөзінде аталған кездесудің маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулер арқылы университетімізбен мектеп арасындағы байланыс артып, білікті маман даярлауға себепші болатынын айтты. Сонымен, шара қорытындысында мектеп ұжымы, жиынға қатысушылар екіжақты байланыстың жаңа деңгейге өтуіне мүдделі екендігін, оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға, талапкердің бейімділігін ескере отырып, қажеттілігіне карай кәсіпке қызығушылығын арттыруға барынша мүмкіндік жасайтынын айтып тарқасты.