МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

 

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

 

Теміртау қаласында Металлургия өндірісінің декарбонизациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараға әлемдегі металлургия өнеркәсібін декарбонизациялау, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) комбинатының мәселелері де талқыланды. Кездесу барысында «АМТ» АҚ-ы тарапынан СО2 зиянды шығарындыларын төмендету бойынша жүйелі шаралар ұсынылмады.

Университетіміздің ғалымдары темір кендерінен темірді сутегі газы арқылы осы мәселені шешу бағытын ұсынды. Бұл СО2 шығарындыларын едәуір азайтады. Аталмыш жоба шетелдік әріптестермен бірге әзірленуде. Жиындағы талқылаулар «АМТ» АҚ-ның атмосфераны ластау мәселелерін шешу үшін ғылыми зерттеулерге үлкен сұраныс барын көрсетті.

Дөңгелек үстелді белгілі ғалым, мемлекет қайраткері, ҚР Президенті жанындағы «Жасыл академия» Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ҰБО директоры Бахыт Есекина ұйымдастырды. Аталған шараға Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығы, Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов, ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Болат Махмудов, университет ғалымдары, декарбонизация саласындағы шетелдік және қазақстандық сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстел соңында ҚарИУ, «Жасыл Академия» ҰБО, «АМТ» АҚ арасында «Жасыл технологиялар» саласы бойынша ынтымақтастық Меморандумы жасалынды.

 

 


Просмотров: 1  662