«ҚАРИУ АРУЫ — 2023» АРУЛАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

«ҚАРИУ АРУЫ — 2023» АРУЛАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Оқу ордамыздың білім алушыларының арасында жыл сайын өткізілетін «ҚАРИУ АРУЫ — 2023» ажарлы арулар сайысы өз мәресіне жетті. Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ, коллекциялық киім мен кешкі көйлек үлгісін таныстырды. Арулар сайысына 7 үміткер қатысты. Байқауға қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Аңсар Манатаев, Қариу баспасөз хатшысы Әділет Шопен, Қариу түлегі, белгілі асаба Жандос Акимов, «ҚАРИУ АРУЫ – 2017» Ақерке Нұрланова, кәсіби визажист Алия Калимбетова қазылық етті

Көктеммен қатар құлпырып келген күндей сұлудардың құрметіне орайластырылған шара қорытындысы бойынша бас жүлде «ҚАРИУ АРУЫ — 2023» жеңімпазы, 2 курс студенті Күндебай Нұрсезімге бұйырса, «Көктем аруы» – Журсынбаева Мерей, «Көңіл-күй аруы» – Омарова Аружан, «Кемел ару» – Узбекбаева Балкен, «Инабатты ару» – Бекболат Айым, «Шығармашыл ару» – Утебаева Диана, «Талантты ару» номинациясын Мұхамбетбаева Жанерке  иеленді.


Просмотров: 1  569