АҚСАҚАЛДАРДЫҢ АЛҒЫСЫ

 

АҚСАҚАЛДАРДЫҢ АЛҒЫСЫ

 

Оқу ордамызға Қарағанды индустриялық университетін 1970 жылдары бітірген АрселорМиттал Теміртау жанындағы «Этномәдени бірлестік» төрағасы Әлішер Жақыпов және «Еңбек ардагерлер ұйымының» төрағасы Асимов Шыңғысхан ағаларымыз бастаған бір топ университет түлектері, ақсақалдар келді.Олар өз уақытында Қарметкомбинатта түрлі қызметтерде жұмыстар жасаған қаламыздағы ардақты аға буын өкілдері. Ақсақалдар алғыс айту күніне байланысты оқу орны ұжымына алғыс айтып, жастарға өмір және еңбек жолдары жайында тағылымды әңгімелерімен бөлісті. Олар жастарға қазіргі уақытта техникалық мамандықтарға деген сұраныстың жоғары екендігін, осы саланы игеріп, жақсы оқу  керектігін айтты.  Бұл университет тарихындағы тұңғыш және елеулі оқиғалардың бірі болды. Университетіміздің ректоры Болатбек Абдрасилов аққсақалдардың бұл ізгі қадамы біздің көңілімізге қуаныш, жүрегімізге жылу сыйлайтынын айтты.

 

 


Просмотров: 1  352