«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты

"Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктанты

 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жас ерекшелігіне қарамастан барша қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктант ұйымдастырылды. Қарағанды индустриялық университетінде жалпыұлттық патриоттық диктантқа 04 мамыр күні сағат 11.00-де ЖББ кафедрасының 80 студенті мен 10 оқытушысы қатысты.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұратты бойына сіңірген  ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және диктант мәтіні арқылы еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу. Сондай-ақ диктантқа қатысушылардың барлығының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау және мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру міндеті қойылды.