«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының студенті Гаухаров Нұрхат Республикалық пәндік олимпиадада 3 орынға ие болды

«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының студенті Гаухаров Нұрхат Республикалық пәндік олимпиадада 3 орынға ие болды

2023 жылдың 27-28 сәуірінде Петропавл қаласында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары арасында 6В06 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның 13 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. Олимпиадаға Қарағанды индустриялық университетінің атынан «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының студенттері Гаухаров Нұрхат (ПИ-21с тобы) және Тагай Диас (ПИ-19к тобы) қатысты. Біздің топтың жетекшісі «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы Тоқсеит Динара Қуандыққызы болды.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде студенттер сынақтан өтсе, 2-кезеңде бағдарламалау бойынша практикалық тапсырма орындады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке есепте Қарағанды индустриялық университетінің «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының ПИ-21с тобының студенті Гаухаров Нұрхат 3 орынға ие болды.