ҚАРИУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ «USTANYM’23» ӨҢІРЛІК ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 4-тармақшасын іске асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі 2023 жылғы 21 желтоқсанда Қарағанды қаласында өңірлік жастар форумын өткізді.

Форумның мақсаты: жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылау, осы бағытты жетілдіру бойынша ұсынымдар мен тұжырымдауды қамтамасыз ету, өңірлерде жастар саясаты саласында озық тәжірибемен алмасу.

Форум жұмысы үш секцияда өтті.

Іс-шараға көрші облыстардан келген қонақтар мен Қарағанды облысының аудандары мен қалаларынан келген жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Форумға Қарағанды индустриалық университетінен: тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Попова Нина Евгеньевна, жастар ісі комитетінің төрағасы Кенжегалымова Баян Даулетовна, ҚарИУ баспасөз хатшысы Нажмадинова Айгерим Шалкарбеккызы және «жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Салпенова Мадина Мейрамовна қатысты.

Іс-шараның спикерлері: Бекмурзаев Бахтиар Перналиевич, Құсайын Бейан Бейсембайұлы, Есекеева Мансия Мұхтарқызы, Батаев Арман Амангелдіұлы, Ақтаев Жандос Берікович.

Форум бағдарламасы барысында тақырыптық пікір алмасу, танымдық дәрістер, жастарды марапаттау рәсімі, өңіріміздің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.