«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ МАМАНДЫҚТЫҢ ҮЗДІКТЕРІН ТАҢДАДЫ.

 

43 қазақстандық ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады.

Ақшалай ынталандырудан басқа, «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.

Конкурс жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. көрсеткіштер бағаланды.

Айта кетейік, байқау ҚР ХӘҰ ақпараттық жүйесі базасында өтті, ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын байқай алды. «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2023» конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар электрондық форматта қабылданды. Бұл байқауды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті.

Комиссия құрамына ҮЕҰ, жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.

«Металлургия және материалтану» кафедрасының аға оқытушысы және ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің ғылыми қызметкері Қуатбай Ербол Қуатбайұлы Қарағанды индустриалық университетінің Республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Қарағанды индустриалық университетінің ұжымы Ербол Қуатбайұлын байқаудағы жеңісімен және «ЖОО — ның үздік оқытушысы-2023» атағын алуымен шын жүректен құттықтайды!


Просмотров: 129