ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

2024 жылғы 30 қаңтарда Қарағанды индустриалық университетінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау аясында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның модераторы Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры-Наурыз Елемесов болды.

Дөңгелек үстел жұмысына 2-3 курс студенттері, ҚарИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры және қызметкерлері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Теміртау қ. ЖРО директоры Н. Елемесов: «Мемлекет басшысы өз жолдауында белгіленген мақсатқа қарай ілгерілемелі қозғалысты қалай іске асыру қажеттігі туралы егжей-тегжейлі тоқталды, сондай-ақ жастардың әділ Қазақстан құрудағы маңыздылығы туралы айтты».

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Әділ Қазақстан», «Әділ қоғам», «Әділ экономика» мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар Ел Президентінің Жолдауын толығымен қолдайды және жас ұрпақ ретінде олардың табысты болашақ дамуына ықпал ететін патриоттық, білімділік, еңбекқорлық, тәртіптілік, жауапкершілік және әділеттілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге дайын екендігі туралы маңызды қорытынды жасалды. Өйткені, бағдарламалық құжатты іске асыру барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартады.

Дөңгелек үстел соңында кездесуге қатысушылар ел Президенті қойған міндеттерді одан әрі іске асыру жөнінде пікір алмасты.