ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ “ҚЫЗЫЛША. БЕЛГІЛЕРІ, ЕМДЕЛУІ, АЛДЫН-АЛУ, ЕГУ” ТАҚЫРЫБНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қарағанды индустриалық университетінде Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің медбикесі Есмаханова Жазира Алимбековна Теміртау қаласының №1 емханасының қызметкерлерімен бірлесіп, ҚарИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледжінің білім алушылары мен университет студенттерінің қатысуымен “Қызылша. Белгілері, емделуі, алдын-алу, егу” тақырыбнда профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу спикерлері № 1 емхана директорының орынбасары Байдильдаев Дидар Тореханович және сарапшы дәрігер Айдынбекова Зейнеш Тусуповна болды.

Қызылша-вирус тудыратын өте жұқпалы ауру. Қызылша вирусы жұқтырған адамның тыныс алуы, жөтелуі немесе түшкіруі арқылы оңай таралады. Инфекция ауыр ауруды, асқынуларды және тіпті өлімді тудыруы мүмкін. Қызылша ересектерде өте сирек кездеседі. Бұл көбінесе вакцинациядан өтпеген адамдарда кездеседі.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді жолы - вакцинация және вакцинация-жоспарлы және шұғыл. Вакцинацияланған адамдар іс жүзінде қызылшамен ауырмайды.

Қызылшаның нақты алдын-алу жоспарлы вакцинациядан тұрады, ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Қызылшаға қарсы алғашқы вакцинация балаларға 12-15 айда, күшейткіш вакцинация 6 жасында, содан кейін әр 10 жыл сайын жасалады.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.