ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қарағанды индустриалық университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 2024 жылғы бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері үшін “Қаржы орталығы” АҚ өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Спикер ретінде “Қаржы орталығы” АҚ аға маманы Серіккали Акзира Серіккалиқызы сөз сөйледі.

Кездесу барысында келесі тақырыптар қозғалды: грантта оқитын түлекке мамандық бойынша жұмысқа орналасуға қандай мерзім беріледі? Мамандық бойынша жұмысқа орналаспаған түлекке қандай жауапкершілік қарастырылған? Қандай жағдайларда мемлекеттік грантты пысықтаудың қажеті жоқ және т. б,

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап мемлекеттік білім беру грантында мемлекеттік білім алған бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері университетті бітіргеннен кейін алған мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек. Түлектер меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мамандығы бойынша тиісті кезеңді өтей алады.

Сондай-ақ мемлекеттің грант берушіні оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу жөніндегі норма енгізілді. Яғни, егер студент грант бойынша екі жыл оқып, содан кейін ақылы формаға ауысса, онда ол жұмсалған уақытын тегін оқу жылдарының санына сәйкес жұмсауға мәжбүр болады. Бұл норма ақылы студенттер конкурс арқылы грант бойынша бос орындарға түскен жағдайда да қолданылады.

Кездесу достық жағдайда өтті, cтуденттер сұрақтар қойып, оларға толық жауап ала алды.