ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – АДАЛ АЗАМАТ» АТТЫ ЕКІ КҮНДІК ОНЛАЙН СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

2024 жылдың 13 – 14 наурызында Қарағанды индустриялық университетінің студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, 25 белсенді студентттері және басшылық ZOOM платформасын пайдалана отырып, «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – АДАЛ АЗАМАТ» 2024 жылға арналған екікүндік ОНЛАЙН оқыту семинарына белсене қатысты.

Білім беру жобасының ұйымдастырушысы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы.

Білім беру жобасының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы (Астана қ.).

Екі күндік вебинар барысында спикерлер қызықты онлайн дәрістер, интерактивті жаттығулар, командалық ойындар, жобалық жұмыстар мен тренингтер өткізді.

Екі күндік вебинар барысында ҚарИУ студенттері келесі екі күнде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының жетекші ғылыми қызметкерлері әзірлеген дәрістерді  тыңдады: «Әділеттілік: тұжырымдамалық принциптер. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени идеалдары. Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері. Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері. Әділ Қазақстан: жасампаздық жолында»; келесі мәселелер бойынша пікір алмасты: жаһандану үдерісіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарлары және әлеуметтік-мәдени үрдістердің дамуы; дүниетанымның ұлттық ерекшеліктері; Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдаулары,  олардың мақсаттары, міндеттері және стратегиялары талқыланды. Қазақстан азаматтарының бұқаралық санасына тән патриоттық, рухани-адамгершілік, дүниетанымдық, әлеуметтік, саяси-идеологиялық, діни, этномәдени құндылықтар мен идеалдар кешеніне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар семинарға қатысушылар екі тренингтің практикалық тапсырмаларын сәтті орындады, алған білімдерін іс жүзінде қолдана алды.

Вебинар жоғары деңгейде өтті. Студенттерге Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының жоғары білікті оқытушылар құрамы қатты ұнады: сауатты және жан-жақты  білімді тұлғалар, ең бастысы, семинар барысында студенттер жаңа білім алып, барлық сұрақтарына жауап алды.

Шабыт алған студенттер тренингке қатысу мүмкіндігі үшін оқудағы, ғылымдағы биіктерді бағындыруға жаңа білім мен мотивация алу мүмкіндігіне және ауқымды жобалары үшін іс-шараның ұйымдастырушыларына: Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлеріне, оның ішінде жетекші ғылыми қызметкері Мусина Назира Қасымжанқызына; аға сарапшы Үмбетова Күнзия Ағымбайқызына; жетекші ғылыми қызметкер Оспанова Әсия Әділқызына алғыстарын білдіреді.

Екі күнге созылған семинар-тренинг жаңа цифрлық технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану арқылы айтарлықтай жоғары деңгейде өткізілді, мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт-бағдарын тағы бір рет көрсетті.