«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ оқытушылары мен қызметкерлері белсенді түрде су басу аймағында қалған Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттеріне қолдау көрсетуді ұйғарды. Алдын ала мәліметтер бойынша, табиғи апатқа байланысты өмірлік қиын жағдайда университеттің 20-дан астам қызметкері мен 100-ге жуық студенті болған. Осыған байланысты ҚарИУ ұжымы зардап шеккендерге көмектесу үшін бір күндік жалақыны аудару туралы шешім қабылдады.
Бұдан басқа, бүгінгі таңда Қарағанды индустриялық Университетінде Атырау облысынан 6 студент білім алуда, онда қиын су тасқыны. Төрт студенттің үйлері қауіпті аймақта (қазіргі уақытта отбасылар эвакуацияланбаған), екі студенттің үйлері толығымен су астында қалды.
Су тасқынынан зардап шеккен студенттерге және отбасыларына психологиялық және материалдық қолдау көрсетіледі.
Университеттің Ғылыми кеңесі материалдық қолдау шеңберінде студент Рахматолла Бекзат Болатбекұлына 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне ҚарИУда оқуға университеттің грантын бөлу туралы шешім қабылданды. Студент Смағұлов Мақсат Қуанышұлына- 100 000 теңге материалдық көмек бөлінді.
Осындай қиын уақытта көмек қолын созып, бір – бірімізге қолдау көрсету біздің азаматтық міндетіміз.
Просмотров: 186