Қарағанды индустриялық университетінде академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне арналған іс – шаралар циклі жалғасуда.
2024 жылдың 5 сәуірінде университет қабырғасында «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының ұйымдастыруымен «Дұрыс патенттейміз» атты мастер-класс өткізілді. Негізгі спикер ретінде техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры Романов Виктор Иванович сөз сөйледі, ол мастер-класс қатысушыларымен патенттерді дайындау және ресімдеу саласындағы бай тәжірибесімен бөлісті. Мастер-класс қатысушылары университет кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, білім алушылар, сондай-ақ ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері болды.
Мастер-класс барысында Виктор Иванович өзінің әртүрлі техникалық әзірлемелерді патенттеудің жеке тарихы және осы бағыттағы болашақ жоспарлары туралы айтып берді, ғылыми зерттеу нәтижелеріне авторлық құқықты қорғауда алғашқы қадамдарын жасап жатқан жас ғалымдарға кеңестер берді, қатысушылардың назарын патент жазу кезінде өнертабыстың ең жақын аналогтарын ұсыну қажет екендігіне, сондай-ақ оларды сынға алу керек екендігіне аударды.
Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті және мәселені талқылауға белсенді қатысқан барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Просмотров: 184