Конкурстық хабарландырулар

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі Басқарма мүшесі – проректорының бос лауазымына конкурс

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесі (100400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30) «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-тың Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі Басқарма мүшесі – проректорының бос лауазымына конкурс жариялайды (мекенжайы: Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30).

Негізгі қызмет түрі – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну.

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыда жетілдіру үшін сапалы білім алуға, оқытуға және оқытушылыққа қажетті жағдай жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
  • білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдардабасшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ тұлғалар:

  • жиырма бес жасқа толмағандар;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;
  • өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
  • медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Өтініш (2-қосымшаға сәйкес нысанда);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Конкурсқа қатысушының түйіндемесі, 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуретімен (3-қосымшаға сәйкес нысанда);
  4. Білім туралы құжаттардың көшірмелері және оларға қосымшалары, түпнұсқалары тексеру үшін ұсынылады:
  • Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне, уәкілетті орган берген тану немесе нострификациялау куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. Бұл талап «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың және зертханалардың білім туралы құжаттарына, сондай-ақ білім беру құжаттарын өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес берілген құжаттарға қолданылмайды;
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
  • Білім беру құжаттарын өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттарға сәйкес берілген құжаттардың көшірмелеріне уәкілетті орган берген тану туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
  1. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (қызметкердің қазіргі немесе соңғы жұмыс орнындағы кадр қызметімен куәландырылған);
  2. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды) №075/у нысаны бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес, құжаттарды тапсыру күнінен алты айдан аспай берілген;
  3. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама, құжаттарды тапсыру күнінен бір жылдан аспай берілген (мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
  4. Наркологиялық ұйымнан анықтама, құжаттарды тапсыру күнінен бір жылдан аспай берілген (мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
  5. Қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазым атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
  6. Жоғары оқу орнының ғылыми және халықаралық қызмет бағыты бойынша даму бағдарламасы. Университеттің даму бағдарламасы Power Point форматында, көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде ресімделуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша түрде білім алуына, еңбек өтіліне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты ақпараттарды ұсына алады (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілу күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ, 100400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, жаңа корпус, 207-кабинет. Байланыс телефоны: +7 705 509 42 64; E-mail: r.zhaslan@tttu.edu.kz

Өтініш

Тәжірибе тізімі


«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

 ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ профессорлы-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе hr@tttu.edu.kz  электронды поштасы арқылы сканерленген нұсқада жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн мен уақыт: 31 қазан 2025 ж., сағат 18.00 дейін.

Конкурс  2025 жылы 03 қараша  күні өткізіледі. Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30,  222 бөлме, HR бөлімі.

Телефон: 8(7213) 91-42-66 

Профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдары

Кафедра Кафедра

меңгерушісі

Профессор Доцент Аға оқытушы

 

Оқытушы Ескерту
Жасанды интеллект технологиясы   1 бірл. 1 бірл.      
Дене тәрбиесі         1 бірл.  
Металдарды қысыммен өңдеу         1 бірл.  

 Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш

2.Кадр есебі бойынша жеке парақша (3*4 фото).

  1. Жеке куәлік көшірмесі.
  2. Өмірбаян.
  3. Жоғары білім және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы куәлік және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар.
  4. Оқытылатын пәндер бойынша соңғы 3 жыл ішінде 72 сағаттан кем емес көлемде қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері, шетелдік тағылымдамадан, білім берудегі менеджмент курсынан өткенін растайтын сертификаттар (болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.
  5. Ғылыми жарияланымдар мен патенттердің расталған тізімі (бар болса).
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген, құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
  7. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама және қылмыстық жауаптылық туралы мәліметтер.
  8. Тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген мәліметтер.
  9. Наркологиялық диспансерден анықтама.
  10. Психикалық денсаулық орталығынан анықтама.
  11. Профессорлы-оқытушылар құрамның бос лауазымдарына орналасу үшін конкурсқа қатысушы оқытатын пәндер презентациясын (электрондық нысанда, 10 слайдтан аспайды) немесе кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлер үшін білім беру бағдарламаларының презентациясын әзірлейді.
  12. Біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (бұрынғы жұмыс орны бойынша басшылықтың ұсыныстары және т.б.).
  13. Құжаттарды онлайн тапсыру кезінде құжаттардың сканерленген көшірмелері ұсынылады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Біліктілік сипаттамалары туралы ережеге және Конкурс ережесіне сәйкес (www.tttu.kz  сайтынан қараңыз)

Конкурсты өткізу: Қарағанды индустриялық университетінің профессорлы-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (www.tttu.kz) .

101400, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30, HR бөлімі (№ 222 бөлме) мекенжайы бойынша хабарласыңыз және құжаттарды жіберіңіз. Телефон: +7 (7213) 91-02-40