29.03.2023 ж. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментімен Қарағанды индустриалды университетінің студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша онлайн-семинар өткізілді. Спикер Орталық Қазақстан Академиясының оқытушысы А.И. Сүлейменова болды.
Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының мәселелері қозғалды.