ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ТЕГІН КУРСТАР ӨТКІЗЕДІ

 

ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ТЕГІН КУРСТАР ӨТКІЗЕДІ

 

Қарағанды индустриялық университеті 2023 жылғы 27 наурыздан бастап ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін курстар өткізеді. Курстарды университет оқытушылары қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

Қала мектептерінің 11 сынып оқушылары қосымша білім алуға, сондай-ақ оларды қызықтыратын үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алады: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, химия және информатика.

 

Сабақтар кешкі уақытта, негізгі мектептен кейін өткізіледі.

Осы курстарды өткізудің негізгі мақсаты: болашақ талапкерлердің білім деңгейін арттыру.


Просмотров: 806